Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Қашықтықтан оқыту кезіндегі пайдалы кеңестер

Бүгін Қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанның үшінші күнін  қашықтықтан оқыту форматында оқып жатыр. Оқытудың тиімділігін арттыруда  біріншіден - теледидар арқылы сабақ өткізілуде. Екіншіден - арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар дайындалған. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға зор мүмкіндік беруде. Сонымен қатар WhatsApp  желісі мұғаліммен тікелей байланысты орнатуға үлкен септігін тигізуде. Қазіргі таңда болып жатқан жағдайларға байланысты бүкіл әлем бойынша 870  миллионнан астам оқушы осы форматта білім алып жатыр екен. Соның бірі – менің 2-сынып оқитын қызым. Ол күнде әдеттегідей таңертең сабаққа баратындай дайындалып, барлық құралдарын жинақтап, теледидар алдына жайғасады. Өзге формат, өзге мұғалімдер сабақ өтіп жатқанына қарамастан, ол бәрін мұқият тыңдап, түртіп алуға тырысып бағуда. Күннен-күнге алғашқы күнге қарағанда едәуір төселіп қалғаны көрініп тұр. Бірден жазбайды, алдымен тыңдап алады. Егер түсінбей қалса, басқа платформалар арқылы қайта қарау мүмкіндігі бар екенін түсінеді. Сонымен қатар мұғаліміне жіберген тапсырмалардан кері байланыс алғанда, төбесі  көкке жеткендей қуанғанын көремін. Мен ата-ана ретінде қандай жағдайда болмасын, қандай форматта болса да балаға білім алу мен ізденіс өте маңызды екенін түсіндім.

Осы орайда ата-аналарға мынандай кеңес берер едім:

  1. Маңыздысы баланың оқуға деген құлшынысына нұқсан келтірмеңіз. Оған қолдау көрсетіп отырыңыз.
  2. Бала жаңа материалды алдымен тыңдасын. Сосын түсінгенін сізге айтып берсін. Оны мұқият тыңдаңыз.
  3. Баланы шектен тыс қадағаламаңыз. Оның өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз. Оған сенім білдіріңіз.
  4. Дәл осы жағдайдың жақсы жағын көре біліңіз. Балаңызбен сұхбаттасып, сырласыңыз, оған дос болыңыз. Себебі қазіргі жағдайда балаңыз достарына, мектебіне, мұғалімдеріне мұқтаж. Осы олқылықтың орнын толтырыңыз, өзіңіз де онымен бірге үй тапсырмаларын орындаңыз, ол ата-анасының қолдауын, өзінің жалғыз емес екенін түсінсін. Бірлесе отырып барлық қиындықтарды жеңеміз. Отбасыңызбен бірге болыңыз!

Зере Смаилова, ББПППС кафедрасының тренері

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ