Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Жаңа формат - жаңа табыстар мен жетістіктер

Бүгін Қазақстанның мектеп оқушылары жаңа – қашықтықтан оқыту форматында өз оқуларын бастады.

Қымбатты оқушылар, құрметті ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Жамбыл – «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  Институты Сіздердің барлықтарыңызды төртінші тоқсанның басталуымен құттықтайды және бізде барлығы ойдағыдай болады деген сенім білдіреді!

Ия, сенім білдіреді, себебі қашықтықтан білім беру үшін аз ғана уақыттың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен білім беру басқармаларының жанынан жобалау офистері ашылды. Пандемия кезеңіндегі оқу үдерісін уақытша ұйымдастыруға байланысты халықаралық тәжірибе мен көршілес елдер тәжірибелері де жан-жақты қарастырылды. Мектеппен онда білім беретін педагогтерге арналған ұсынымдар дайындалды. Арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар жасалды. Сонымен қатар балалар мен педагогтерге көмек ретінде 6-сәуірден бастап «Балапан»  және «Ел-Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына қазақ және орыс тілдерінде аптаның бес күнінде бейнесабақтар көрсетіліп жатыр.

Осындай уақытша қиындық кезінде біз жалғыз емеспіз: ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша,  әлемнің 107 елінде мектептер жабылған, ол 861 миллионнан астам баланы қамтып отыр.

ҚР білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов бірнеше рет жасаған мәлімдемесінде мұғалімдеге, ата-аналарға және балаларға өз қолдауын көрсетті.  Министр былай деп атап өтті: «Бізге барлық сабақтардың МЖМББС сәйкес бірыңғай оқу бағдарламалары бойынша, оқыту жалпы сабақ кестесін құру және оны сақтау, сандық білім беру қорлары секілді мультимедиялық материалдармен әдістемелік қолдау жасалған, мұғалімдерге арнап алдын ала жасалған сабақ жоспары түрінде өткені маңызды, бірақ оқыту каналдарын таңдауда сабақ сапасы төмен болмауы керек».

Біздің жаңа жолымызда көптеген қиындықтар кездеседі, бірақ оқу мен оқытудағы жаңалықтарымыз одан да көп болады. Біз барлықтарыңызға төзім,  ізденімпаздық және өз күштеріңізге деген сенім тілейміз. Біз – біргеміз!

 

Баян Муртазаева, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ