Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылары және педагогикалық идеялар байқауы-2020

«Өрлеу» БАҰО» АҚ үшінші жыл қатарынан  мектепке дейінгі, орта, қосымша техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауын өткізіп отыр. Жоғары оқу орындары мен колледж, мектептен тыс ұйым  педагогтерінің тартылуы, қатысушылар мен жеңімпаздардың педагогикалық шеберлігі Байқауды ауқымды және  бірегей етіп отыр. Өте қысқа роликте қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігі мен оқушыларға тиімді жолдарды көрсете білуі керек! Жамбыл – «Өрлеу» филиалы инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының  меңгерушісі Эльмира Мирзалиева және кафедраның аға оқытушысы Айша Тулекова  Жамбыл облысы орта білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістемелері» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы Республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жаңа маусымының өткізілетіндігі туралы ақпарат берді.

Педагогтарға байқаудың мақсаты, міндеттері, қатысу ережесі туралы нақты, анық түсіндірілді, және де ең үздік дәрістерін, сабақтарын, тәжірибелік/зертханалық жұмыстарын, семинарлар мен шебер сыныптарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсына алатындары туралы айтылды. Қатысуға ниет білдірген педагогтардан республикалық байқаудың өңірлік кезеңіне қатысу үшін  жазылған өтінімдері қабылданды. Бұл – филиал жұмысының ең жақсы көрсеткіші! Біздің кеңес беру және серіктестік көмегіміз - алда тұрған үлкен міндеттер.

 

Ербол Избасаров ИБжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ