Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Тарлан тарих, менің тармақтарымның куәсі бол...

Тараз қаласының Д.Қонаев атындағы облыстық жастар кітапханасының әдеби залында  «Тарлан тарих, менің тармақтарымның куәсі бол...» тақырыбында шығармашылық кездесу өтті. Кездесу барысында Қаратау филологы Фатима Оразбекова мен тараздық тарихшы Арман Шаухановтың «Көркем әлемдегі өнер әдебиеті» атты жаңа кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған әдеби шара кітап мәдениетінің ең жарқын көрінісін ұсынуға мүмкіндік берді, кітапта келтірілген мәліметтер көмегімен авторлар қазақ эпикалық және классикалық көркем әдебиеттің бейнелерін өнер әлемінде көрсете алған. Кітап авторлары өздерінің шығармашылық жолдары мен қанша сапар шеккендері туралы әңгімей отырып, бүкіл өміріне шолу жасап, еліміздің танымал адамдарымен кездесу барысында өмірлік азық жинап, кейіннен өнертанушы-педагог ретінде оны орнымен пайдаланып отырғандықтарын айтып өтті. Іс-шара кітап тарауларына шолу, кітап бойынша жасалған буктрейлерді ұсыну және «Фатима Оразбекованың 7 қыры» электронды фото-мозайкасын көрсету, Тараз қаласының №5 гимназия оқушыларының Абайдың өлеңдеріне шолуы түрінде өтті. Жазушы мектеп оқушылары мен студенттерге арнап «Өнер әлемінде» танымдық викторинасын өткізіп, жеңімпаздарға өз қолтаңбасы қойылған кітаптар сыйлады. 

Талқыланған кітапқа пікір беруші, ф.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының доценті Елена Бегалиева, өз жерлестерінің шығармашылығын библиограф ретінде жинақтаушы қаратаулық кітапханашы Валентина Тишкова авторлардың шығармашылығына баға берді.  Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі Айткүл Есентаева іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастарды кітап оқуға шақырды. Шығармашылық кездесуге қатысқан мектеп оқушылары мен студенттері кітап авторларының қолтаңбаларын алды. Жергілікті авторлардың жарияланымдарын ілгерілетуге «Тарлан тарих, менің тармақтарымның куәсі бол....» тақырыбындағы көрменің орны ерекше болды.

Тайтөлеу Бегаулов, PR SMM маманы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ