Шағын жинақталған мектеп мұғалімдері педагогикалық идеясымен бөлісуге дайын
Жамбыл – «Өрлеу» филиалы инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Сағадат Қарымбаева Мерке ауданындағы шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амалы» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы Республикалық Байқауының Өңірлік кезеңінің жаңа маусымының өткізілетіндігі туралы ақпарат берді. Мұғалімдерге байқаудың мақсаты мен қатысу шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мұғалімдер ең үздік дәрістерін, сабақтарын, тәжірибелік/зертханалық жұмыстарын, семинарлар мен шебер сыныптарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсына алатынын білді. Қызығушылық танытқан тыңдаушылар сұрақтарына жауап алып, орта білім беруді оқытудағы заманауи технологияларын қолданудағы тың идеяларымен бөлісуге дайын екендіктерін байқатты.
Эльмира Мирзалиева, PhD философия докторы, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі