Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Волонтерлік қозғалыс сағаты - қайырымды істер уақыты

Жамбыл – «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты және Тараз қаласының №23 орта мектебінің еріктілер тобы бірлесе отырып, Тараз қаласындағы №1 әлеуметтік көмек көрсету ортылығың тұрақты тұрғындарын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Іс-шара барысында аталмыш мектеп оқушыларының қатысуымен «Қарттарымызды қадірлеуді еш уақытта ұмытпаған ұрпақпыз» тақырыбында көрініс қойылды. Институт директорының орынбасары Шынар Тойғанбекова қарттарымызға арнап «Жүректен жүрекке» тренингін өткізді. Тренингке қарттарымыз қызыға қатысып, нәзік жанды барша әйелдер қауымына ақ тілектерін арнады. Сонымен қатар, іс-шара барысында ұлы Абай Құнанбайұлының лирикалық әндері мен күйлері шебер орындалды. Әйел заты нәзік жан, оларды көктем мезгіліне теңеуден-ақ білеміз.

Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген нақыл сөз осыған дәлел. Концерттік бағдарлама соңында еріктілер тобы қарттар үйінің тұрғындарына сыйлықтарын тапсырды. Әрқашан қарттарымызға мейірім, қуаныш, бақыт, шаттық, махаббат секілді сезімдерімізбен бөлісуді ұмытпағанымыз жөн. Өткізілген іс-шара 5 ақпан күні Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Ерікті болу - ерлік!» тақырыбында өткен Сommunity-форумының жалғасына айналды. Біз форумның Жамбыл облысындағы  еріктілер қозғалысының қалыптасуы мен дамытудың мүмкіндіктері, филиалмен серіктес ұйымдардың тәжірибелерін қарастыру, талдау жұмыстарын жүргізу секілді негізгі мақсаттарын біртіндеп іске  асырудамыз. Форум жұмысына біздің тұрақты серіктестеріміз – Тараз қаласындағы №1 әлеуметтік көмек көрсету Ортылығың тұрғындары да қатысқан болатын. Сommunity-форумының «Бізге бірге болу маңызды!» бөлімінде Жамбыл – «Өрлеу» үшін қозғалыстың басты міндеттері айқындалған болатын: ерікті болуға ұмтылған кез келген жан үшін кеңес беру мен рухани Орталыққа айналу. Осы жолы біз тек Орталыққа ғана емес, №23 мектепке де қолдау көрсеттік. Волонтерлер жылының ашылу салтанатында ОЖжМҚ бөлімінің бас маманы Инна Грицининина іске қосқан «Қайырымдылық істер уақыты - Волонтерлік қозғалыс сағаты» наурыз айында өтетін көптеген іс-шараға мұрындық болатындығы сөзсіз. 

Мадина Садибекова, МДТИББ кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ