Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Инклюзия мәселелерін бірге шешеміз

Білім беру жүйесіндегі инклюзия: тиімді немесе жалған ба? Осы мәселе бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында 7 ақпан күні инклюзивті білім беру мәселелері бойынша таныстыру-кеңес беру кездесуінің қатысушылары пікір алмасты. Кездесу барысында біліктілікті арттыру жүйесінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда филиал оқытушыларын дайындау және кеңес беру жұмысы жүргізілді. Кездесуге спикерлер «Мейірім» облыстық мамандандырылған түзету мектеп-интернаты, Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, «А-Нұр» балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. 

Өткізілген іс-шара барысында қатысушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуы, олардың табысты әлеуметтенуі, қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің, кәсіби және әлеуметтік қызметтің әртүрлі түрлерінде тиімді өзін-өзі іске асыруы негізгі және ажырамас шарттарының бірі болып табылатынына көз жеткізді. Спикерлер өз сөздерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу және инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің психологиялық дайындығы мәселелерін, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасының ерекшеліктерін ашты.  

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің табысты тәжірибесімен бөлісті. Кездесу қатысушылардың пікірлері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы өзектілікті және Жамбыл облысында инклюзивті білім беруді тиімді дамытуда ортақ күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын растады.

Светлана Шевченко, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ