Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ – «ӨРЛЕУ» ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында Мұғалімдер үйінің салтанатты ашылуының тікелей көрсетілімімен басталды. Барлық қонақтар, қатысушылар мен жеңімпаз - конкурсанттар үшін Мұғалімдер үйінің тақырыптық кабинеттерімен таныстыру экскурсиясы өткізілді.
Жергілікті атқарушы билік өкілдері және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова құттықтау сөз сөйледі. Г.К.Ахметова байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау бойынша аймақтық сараптамалық кеңес жұмысына, филиалдар бойынша қорытынды бағалауды өткізудің ерекшелігіне тоқталды.
Іс-шара барысында жүлделі орындарға ие болған байқау жеңімпаздары дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Гүлнас Кенжетайқызы Жамбыл облысының жеңімпаздары Ирина Владимировна Зайнулина, Салтанат Саматқызы Қаппарова, Айнар Амангелдіқызы Спатованы жеке марапаттады.
Тікелей эфир барысында Иманмырзаева Асем Досмаханбетовна, Керимбаева Гульнара Саметовна, Кожамкулова Акбота Курмангалиевна -  Жамбыл -«Өрлеу» филиалының базасында марапатталды.
Марапаттау іс-шарасы қатысушылар үшін көптен күткен, жарқын және есте қаларлықтай болды. Олар әлеуметтік желілерде жарияланған кезекті бейнеинформерлерде өз әсерлерімен бөлісті.
 
Лайла Сейдазимова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ