Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Апрель 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЛИТВА ИННОВАЦИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН: ЖАЛҒАСЫ

 
Каунас қаласында болған 4-ші күні қазақстандық делегация, сондай-ақ Жамбыл – «Өрлеу» филиалының директоры Гульшат Медетбекова, Литва университеті Медицина Академиясының гимназиясында болды. Бұл гимназиядағы оқытудың басты бағыты -  биотехнология мен жаратылыстану ғылымдарының жобасымен айналысу.  Мектеп бағдарламасын бітірген түлектер ешқандай қиындықсыз осы университетке оқуға түседі. Оқушылар бұл жерде биоинженерия негіздерімен танысады, зерттеу жобаларымен айналысады, start-up жобаларға қатысады.
Гимназияда 14 мобильді зертхана бар және «ақылды» тақтайша орнатылған. Оқушылар белсенді өмір сүреді: спортпен айналысады, дебаттарға қатысады. Гимназияда француз тілі оқытылады. Тәжірибе алмасу үшін және шет тілдерін меңгеру дағдыларын жақсарту мақсатында оқушылар тағлымдамадан өтеді және Америка, Франция, Қытайда ұйымдастырылатын халықаралық байқаулар мен жобаларға қатысады.
Панемуне атындағы Каунас бастауыш мектебінде «Возможности применения STEAM в формальном и неформальном обучении» тақырыбында кездесу өтті. Мектептің миссиясы: 6-11 жастағы балаларға сәйкес дайындық пен тәрбие әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік құзіреттілікті, жеке жауапкершілікті  дамыту және жоғары академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету. Бұл жерде бар-жоғы 25 оқушыдан 12 сынып қана бар. Мектеп SMART-тақталармен, 3D-принтерлермен, планшетті компьютерлермен, интерактивті проекторлармен және т.б. жабдықталған. Барлық сабақтар басқа пәндермен кіріктіріле оқытылады. 3-4 сынып оқушылары  3-минуттік роликтер түсіреді, оны сыныпта таныстырады.  
Бесінші күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының қызметкерлері жұмыс сапарымен Каунастағы Вяршву гимназиясында болды.  Бұл  гимназияның мақсаты: өз бетінше және белсенді түрде әрекет ететін тұлғаны дамыту, жаңа идеяларды ойлап табу және оларды іске асыру. Кәсіпкерлік барлық оқу пәндеріне енгізілген. Кабинеттер  SMART-тақталармен, 3D-принтерлермен, планшетті компьютерлермен, интерактивті проекторлармен, роботтармен жабдықталған Әрбір оқушы оқу жылында бір жобалық жұмысты таңдауы және оны гимназия оқушыларының алдында таныстыруы қажет.
 
Баян Муртазаева, курстан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ