Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЛИТВА ИННОВАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатындағы Жамбыл - «Өрлеу» директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекованың «Повышение квалификации учителей и развитие компетенций учащихся в области преподаваемых предметов STEAM» тақырыбында Литва Республикасында өтіп жатқан тағлымдамасы жалғасуда. Үшінші күні қазақстандық қатысушылар  Каунастағы КТУ инженерия лицейіне барды, ол жердегі кездесу тақырыбы - «Инженерия – метод обучения STEAM» болды. 2020 жылға қарай болашақта жұмыс істейтін мамандардың 80 %  STEM-құзыреттілігі болуы талап етеді.  
Лицей балаларға осындай білімді беріп қана қоймай, ғылыми әдістерді тәжірибеде қолдануды игеретін ортаға айналып отыр. Бұл жердегі оқыту инженерияның басқа да іс-шараларға кіріктірілген көппәндік және пәнаралық мәселелерді қамтиды. «Электронная система», «Проектирование», «Современные медиа» пәндерін игеру арқылы, білім алушылар education-менеджментпен айналысады, Фурштейн әдісін қолданады,  «Роботика» электронды жүйесімен танысады.
 
 
А.Пушкина атындағы Каунасс гимназиясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметкерлері ағарту саласындағы жаңалықтармен ғана емес, сонымен қатар Литва Республикасындағы көпсалалы мектепте оқытуды ұйымдастыру әдістерімен танысуға үлкен мүмкіндік алды.
Гимназияда 16-дан астам ұлт өкілдерінің балалары білім алады және барлық ұлттық және конфессияаралық қауымдастықтардың тең мүмкіндіктері сақталған. Бұл жердегі оқыту орыс және литва тілдерінде жүргізіледі.
Жалпы білім беретін пәндерге арналған кабинеттермен бірге оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу орталығы, кітапхана, ақпараттық технологиялар сыныбы, спорт залы, каратэ секциясы бар. Психолог, әлеуметтік педагог кәсіби қызметтер көрсетеді. Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Қазақстандықтар барып, танысқан екі гимназия да болашақ мектептердің үлгісі болып табылады.
 
Баян Муртазаева, курсан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ