Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЕЛБАСЫ ӨНЕГЕСІ: «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

28 қараша күні Тұңғыш президент күні қарсаңыңда  Тараз қаласының №9 орта мектеп базасында Жамбыл - «Өрлеу» оқытушылары «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық өнегесі» атты ашық сабақ ұйымдастырды.
Ашық сабақты білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауым.проф. Шынар Тойганбекова мен оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы Инна Грицинина өткізді, сабақ барысында олар мемлекетіміздің бас байлығы егемендігі мен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуы мен нығаюына қосқан айрықша үлесіне көңіл бөлді. Елбасының стратегиялық көшбасшылығымен Қазақстан қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсіп, жаңа тарихи жағдайда халықаралық беделі жоғары табысты мемлекет болғандығын атап көрсетті. Елбасы әлемдік дипломатия тарихына жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде енді. Тұңғыш Президент жаңа мыңжылдықта ЕҚЫҰ-ның алғашқы және жалғыз саммитін ұйымдастырып, Еуразиялық қауіпсіздік туралы декларацияның қабылдануына қол жеткізе алды.Іс-шараның мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы және дамытушысы, әсіресе, білім беру саласын түбегейлі жаңартқан, қазірден-ақ тарихи құжат деген атқа ие болып үлгерген елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының іске асуын оқушылар, студенттер және оқытушылар арасында талқылап, пікір алмасу, ой бөлісу. Бұл мемлекетіміздің өркендеуіне, білім беру саласының және мәдениетіміздің дамуына бағытталған бүгінгі және ертеңгі іс-әрекетіміздің алгоритімі. Жамбыл - «Өрлеу» ұжымы барша Қазақстандықтарды Қазақстан республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды! Бұл еліміздің өміріндегі  ерекше күн. Біз тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасының орасан зор еңбегін мақтан тұтамыз!
 

Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББҮППҚ кафедрасының доценті

 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ