Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАҢАШЫЛ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДА

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл - «Өрлеу» директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова «Повышение квалификации учителей и развитие компетенций учащихся в области преподаваемых предметов STEAM» тақырыбында Литва Республикасында тағлымдамадан өтуде.
Бірінші күн Каунасс педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Орталығының әдістемелік қызметі мен жобаларымен, сондай-ақ Литвадағы оқытудың заманауи технологияларымен танысуға арналды.
Білім беруді дамыту Орталығының директоры Гедрюс Вайдялистің «STEAM – формирование культуры инноваций в Европе и Литве» баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар бірінші күні Каунасс әкімінің ағарту саласына жауапты орынбасары Она Висоцкенемен кездесу өтті. Каунасс педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Орталығының директоры Раса Борткявиченмен халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
 
 
Екінші күні жаратылыстану және нақты ғылымдар пәндерінде 3D объектілер мен басқа да  электронды бағдарламаларды пайдалану әдістерімен танысу мақсатында Каунас гимназиясымен танысу өтті. Гимназияда инновациялық және заманауи 3D-сыныптар жабдықталған. 
Каунасс мектептерінің мұғалімдері мектептерде оқыту үдерісі анағұрлым қызықты болып отырғанын атап өтті, себебі оқушылар көрнекі және қызықты тапсырмаларды орындаумен айналысады.  Бұл - үйреншікті мектеп жағдайларында елестетуге мүмкін еместі егжей-тегжейі және бояулармен көрсететін  бірегей оқыту бағдарламасы. Геометрия, стереометрия, химиялық реакциялар мен қосындылар – осы бірегей бағдарламанычң көмегімен оқушылар өз көздерімен көретін мүмкіндіктер. Одан басқа, технологияның бойына көптеген тапсырмалар мен тестер жинақталған, оларды тапсырғаннан кейін оқушылар бірден нәтижелерін біледі және өз қателері бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Йонас және Пятрас Вилейшис атындағы Каунасс мектебінің  педагогтеріне  STEAM-оқытуды мектепте қолдануға мүмкіндік берілген. 
 
 
2015 жылдан бастап мектепте  STEAM-бағытталған білім беру мақсатты түрде жүзеге асырылады. Оқыту барысында мұғалімдер өз сабақтарында онлайн-ресурстарды (мысалы, robotukai.ru., Eduka.ru) пайдаланады, сонымен қатар авторлық сандық білім беру  ресурстарын жасайды. Білім беру ойлаудың анағұрлым жоғары сатысы - «Ойлау мектебі»мен («Mąstymo mokykla») кіріктіріледі.
Каунастағы біліктілікті арттырудың әрбір күні – білім беру тәжірибесінің мол қорын жинақтау және оларды Қазақстанда іске асыру жоспарын жасау уақытымен сәйкес келіп отыр.
 

    Айнур Сансызбаева,  PR, SMM маманы

 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ