Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЕШКІМ ДЕ, ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жамбыл – «Өрлеу» «Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды» атты іздестіру-зерттеу жобасын іске қосты. Соңғы жылдары ашылған тарихымыздың фактілерінен біз «халық жауының» балалары, олардың ата-аналары сияқты зардап шеккенін: лагерьге қамалып, арнайы қоныстандыруға жіберілгенін білеміз. Қуғын-сүргінге ұшыраған мұғалімдер туралы сауалымызға бірінші болып Қаратау қаласының № 1 мектеп-лицейі жауап берді. Халықаралық толеранттылық күні Қаратау қаласындағы №1 мектеп-лицейінде алғашқы көшпелі тақырыптық іс-шара өтті. «Білу және ұмытпау» азаматтық және ерлік сабағында оқушылар мен мұғалімдердің ата-аналары репрессияға ұшыраған, өздері де ұстаз болып қызмет атқарған Нина Емельянова Югай мен Ирина Романовна Шегаймен кездесу өтті.
«Қуғын-сүргінге ұшыраған жамбылдық мұғалімдер мен олардың ұрпақтары» атты зерттеу жұмысының тұсаукесерін «Жерлестер» секциясында лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Ольга Попандопуло кеңінен ұсынды. Оқушылар мен мұғалімдер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Өмір сүрген болсам...»  атты ақпараттық стендін дайындады.
Жамбыл – «Өрлеу» атынан Инна Грицинина «Саяси қуғын-сүргін сабақтары» атты буктрейлер көрсетті. Ал лицей кітапханашысы Валентина Тишкова «Бұл біздің жолымыздың тарихы» атты кітап көрмесін дайындады.
 
 
ББПППС кафедрасының доценті Елена Бегалиева шақырылған қонақтар - 85 жастағы Нина Емельяновна Югай және 84 жастағы Ирина Романовна Шегайдан сұхбат алды. Екеуі де осы мектептің мұғалімдері болған қуғын-сүргінге ұшыраған ата-аналардың балалары.
Жоғары сынып оқушылары өлең оқыды, ән айтты, қызықты және шынайы әңгімелері үшін өз алғыстарын білдірді. Тараздық мектеп оқушылары атынан өмір тазалығы белгісі ретінде және кездесу келген батырлар мен лицеистерге ұзақ өмір тілей отырып, оригами ақ тырналар сыйға тартылды.
Жобаның жалғасы ретінде алынған материалдар негізінде «Естелік беттерін парақтай отырып» атты  бейне-сюжет дайындалады.
 
Инна Грицинина, ОЖжМҚ бөлімінің кітапхана жұмысы бойынша бас маманы
 
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ