Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

16 қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» институтының аға оқытушысы Андия Беисенкулова Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясында қаланың мектепалды даярлық топ педагогтеріне, «Мектепке дейінгі білім беруде 4К моделін тиімді жоспарлау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған іс-шарада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аудару» қажет екенін атап көрсетті.
Басты мақсат - мектепалды даярлық топ мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтау және білім берудегі 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау болды. Семинар барысында № 20 орта мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Айдана Сапакбаева баланы сыни ойлауға бағыттайтын инновациялық дамыту жұмыстарын жүргізу тәжірибесін ортаға салды.
Семинар-тренингке қатысушылар келесі мәселелерді талқылады: білім беру білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі 4К модель үлгісін көрсету; 4K моделін жүзеге асыру бойынша біліктілікті жетілдіру жүйесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың тиімді жолдары.
Семинар-тренинг тыңдаушылардың кәсіби біліктіліктерін арттырумен қатар, АКТ-ны тиімді қолдану құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етті.
Қорытындылай келе, педагогтер даярлық топта оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін тиімді жоспарлау бойынша тәжірибелері мен тұжырымды пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.
 
Магира Сопбекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ