Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

САРАЛАУ - ҮЗДІКСІЗ ҮДЕРІС

 
2019 жылдың 29-30 қазан аралығында Жамбыл – «Өрлеу» институтының  мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Несипкул Курмашева «Саралаудың тәсілдерін тиімді қолдану жолдары»  тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырып өткізді.
Семинар мақсаты: оқу үдерісінде саралап оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну, пән мұғалімдерінің оқыту әдістері мен оқу материалын әр оқушының оқу қажеттіліктерін ескеруге бағыттап, тиімді іске асыру жолдарын меңгерту. Семинарға Тараз қаласы Шөлдала алқабы №55 орта мектебінің пән  мұғалімдері қатысты.
Тыңдаушылар семинар барысында оқу үдерісінде саралап оқытудың маңыздығы мен қажеттілігін қарастырып, саралап оқытуды іске асырудың әдіс-тәсілдерін мысалдар арқылы ұсынып, пән мұғалімдерінің өз тәжірибелерін жетілдіруге, оқу үдерісін жақсартуға, оқыту әдістері мен оқу материалын әр оқушының оқу қажеттеліктерін ескеруге бағыттап, тиімді іске асыруда кәсіби құзыреттіліктерін дамытты. Саралап оқытуды әлеуметтік, дидактикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан қалай жүзеге асыруға болатын жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар оқу үдерісіндегі саралаудың төрт жолын талқылап, түсінік алды. Практикалық жұмыс барысында мазмұн бойынша саралап оқыту мысалдарын ұсынды.
Тапсырмаларды орындауда саралаудың әдістерін сабақ жоспарлауда қолдану туралы ойларын шағын топта талқылады. Семинарға мұғалімдер белсенді қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Қорытындысында  семинарға қатысушылардың тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауаптар беріліп, кері байланыс жасалды. Онда пән мұғалімдері семинардың олар үшін тиімді болғандығын, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге жауап алуға мүмкіндік жасалғандығын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
 
 Мадина  Садибекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы

 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ