Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ – «ӨРЛЕУ» АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АТАЛАР МЕН ӘЖЕЛЕР КҮНІН ТОЙЛАДЫ

2019 жылдың 28 қазаны күні Жамбыл – «Өрлеу» Тараз қаласындағы №1 арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында алғаш рет халықаралық аталар мен әжелер күнін тойлады. Бұл күн Ресей, Украина, Беларуссия және де әлемнің басқа да қалаларында тойланады. Мерекені Голландияның гүлдер Бюросы бекіткен. Осы идеяны Ресейдің «гүлмен айналысатын» бизнесмендері құптап, белсенді түрде қолдау көрсетті. Мерекеде қыш құмыраларға отырғызылған гүлдерді сыйлау мынандай идеямен байланысты туған: аға буын ұрпақ өсімдіктің мықты тамырлары болса, жас ұрпақ – олардың өскіндерін, яғни ұрпақ жалғастығын көрсетеді.  
Сол себептен де Жамбыл – «Өрлеу» қызметкерлері бүгінгі күннен бастап үлкен халықаралық дәстүрді бастайтындықтары туралы паш етті. Ең алғашқы мерекенің бағдарламасында 70-ші жылдардың әуендері қойылып, би биленді, себебі Орталық тұрғындары бұрындары өткен іс-шараларда өздерінің билеуге деген құштарлығын көрсеткен болатын.
 
 
Би жарысы барысында «баяу би» («Снег кружится») және «әсерлі би» («Саra mia»), «интернационалды би» («Учкудук – три колодца») және  «халықтық би»  («Қызыл өрік») номинацияларымен бірге ерекше номинация – Орталықтың ақыны Александр Карпинскийден болды. Іс-шара барысында ақынның ең «сүйікті әні» «Весна на Заречной улице» кинофильмінен «Когда весна придёт, не знаю» әні де шырқалды.
Мереке  Анна Германның орындауындағы «Надежда» әнімен басталып, Кристофера Маэнің орындауындағы «Бақыт, ол қайда?» әнімен қорытындыланды. Бұл әнде айтылатын ой өте қарапайым – өмір өтпелі, дегенмен біздің аталарымыз бен әжелеріміз барда - біз мәңгі жаспыз. Осындай ризашылық сезімнің нәтижесінде керемет мереке ұйымдастырылды.
Орталық тұрғындары біздерді күтеді – біз міндетті түрде ол жерге ораламыз!
 
Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББПППҚ кафедрасының доценті

 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ