Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ - «ӨРЛЕУ» «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан 18 қазанына дейін филиал барлық деңгейдегі педагогикалық қызметкерлерге арналған жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтары мен бейне-дәрістердің Республикалық байқауының Өңірлік кезеңін өткізді. 2019 жылы ұйымдастырушылық-ақпараттық жұмыстың нәтижесінде барлық білім деңгейлеріндегі Жамбыл облысының 104 педагогі байқауға қатысты, олардың 62 қатысушысы Өңірлік кезеңнің жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен байқаудың Өңірлік  кезеңіне қатысушыларға сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру 2019 жылдың 25 қазанында Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының базасында өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының, Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық білім басқармасының, Тараз қалалық әкімдігі білім бөлімінің, Жоғары оқу орындарының, облыстық және қалалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жарқын, әсем мереке атмосферасында өткен салтанатты рәсім барысында 22 аталым бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының Өңірлік кезеңінің жеңімпаз-мұғалімдері дипломдармен марапатталды, сонымен қатар республикалық «BІLІМ KZ» республикалық-педагогикалық журналына, ««Zamanaýі  ustaz»» аймақтық педагогикалық газетіне тегін жарияланым жасау құқығына ие болды және осы Байқаудың Республикалық кезеңіне қатысуға ұсынымдар алды.
 
 
Кеш қонақтары өз сөздерінде байқау жұмыстарының әдістемелік құндылығын, байқауға қатысушылардың шығармашылық және кәсіби дайындық деңгейлерін, білім мазмұнын жаңарту жағдайында  заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдану бойынша  шығармашылық, кәсібилік, педагогикалық идеяларды атап өтті.
Құрметті қонақтар қатарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ Батыс Қазақстан облысындағы филиалы өткізген «Ауыл мектебінің цифрлық форматы» байқауының жеңімпазы атанған, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев атындағы гимназия директоры Наметкулов Мұхит Жанұзақұлы да болды. 
Жеңімпаздар қатарында Қазақстан Республикасының 100 үздік білім беру ұйымдарының қатарына кіретін Тараз қаласының № 1, 8, 45 гимназиясының мұғалімдері де бар. Олар №1 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Естаев Дәурен, №45 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Ергалиева Жаныл Жылқыбайқызы, №8 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Таутаева Жанат Жарылқасынқызы және басқалар.
 Іс-шараның қатысушылары бұл шараның маңыздылығын атап өтті және «Жүректен жүрекке» пікірлер мен ұсыныстар кітабында байқаудың ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.
 
Назира Абдикеримова, оқу жұмысы және мониторингтік
қызмет бөлімінің бас маманы
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ