Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

КІТАРFEST: ЕЛІМНІҢ ТАРИХЫНДА – МЕНІҢ ПАРАҚШАМ

2019 жыл — Жамбыл облысы үшін мерейлі жыл. Облысымызға 80 жыл толып отыр!  Осы мерекелі күндері Жамбыл – «Өрлеу» кітапханасы «Танымал да, бейтаныс Тараз» өлкетанушылық эпопеясын жалғастыруда.  Кітап фестивалінің кезекті циклі  «Кітарfest: елімнің тарихында – менің парақшам» деп аталып, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ доценті, Сейдахан Бақторазов еңбектері  мен кітаптарының тұсаукесеріне арналды.  Жаңа кітаптардың авторы жаңа әдеби таныстырылымда этнограф, ғалым-публицист ретінде көрсетіліп, оның ағартушылық және педагогикалық қызметінің қырлары таныстырылды.
Жамбыл – «Өрлеудің» тарихшы-оқытушылары көрермендерге ұсынылған кітаптар туралы өз ойларымен бөлісе отырып, оларға жоғары баға берді, Сейдахан Уалиұлының жамбылдықтардың қоғамдық және мәдени өмірін зерттеудегі ерен еңбегін атап көрсетті. Филиал оқытушылары іс-шараға себепкер болып отырған тарихшы еңбектерінен келтірген үзінділер қатысушыларды тәнті етті.  Таныстырылымның «Жас оқырмандар көзімен» бөлімінде Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының оқушылары кітаптың авторына өздерінің қызықты сұрақтарын қойды. Сұрақ-жауаптар біртіндеп автограф-сессияға жалғасты. «Оқы. Ойлан. Іске асыр!» тақырыбымен жасалған түрлі-түсті кітаптың белгі бауында ғалым-зерттеуші жас оқырмандарға өзінің ең жақсы тілектері мен қолтаңбасын қалдырды.
 
 
С.У.Бакторазовтың кітап қорын саралай отырып, филиал кітапханасы автордың шығармашылық жолы мен аймағымызда өз ізін қалдырған қайғылы сәттерді қамтыған «Қуғын-сүргін сабақтары»  тақырыбына арналған екі буктрейлер  /кітап ролигі/ дайындады.
Жобаны іске асыру барысында белсенді қатысушылар (М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТИГУ студенттері, «Дарын» мектебі)  I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Гимназия оқышыларына алғыс хаттар табыс етілді. Филиал кітапханасы білімді жинақтайтын және сақтайтын орын ретінде автор ізгі тілектер жазылған  және қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.
 
Инна Грицинина, ОЖМҚБ кітапхана жұмысы бойынша бас маманы

 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ