Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫ: ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ӘЛЕУЕТІ, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ІСКЕ АСУЫ

Осындай тақырыпта Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ жалпы жұмыс бағыттары, білім мазмұнын жаңарту мәселелері талқыланды.
Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Баян Муртазаева спикерлердің бірі ретінде өз сөзінде Жамбыл – «Өрлеу» Институында атқарылып жатқан өздігінен үздіксіз білім алу, кәсіби құзыреттілікті арттыру; үздіксіз білім беру контентін алуға ықпал ететін онлайн білім беру платформасын құру; ғылыми-әдістемелік көмек көрсету; педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа моделі және кәсіби жеке тұлғалық әлеуетті дамыту бағыттарын атап көрсетті. Осы бағыттарды таратып айтты. Сонымен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесінің артықшылықтарын көрсетті.
Филология ғылымдарының кандидаты, оқу процесін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасының доценті Елена Бегалиева ұсынған «Ұлы Дала елі: кеше, бүгін, ертең» инфографикасында бағдарламалық мақаланы іске асыруда Жамбыл - «Өрлеу» іске асырып отырған «Ұлы Дала елі» этномәдени форумы жұмысы  көрініс тапты.
 
 
Жаңа уақыт – білім беру үрдісін мәңгілік құндылықтарға бағыттау уақыты, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Сағадат Қарымбаева өз сөзінде:  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын іске асырып отырған қазақстандық педагогтер үшін өте өзекті» дей отырып,  филиалдағы орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытындағы жұмыстармен таныстырды. Спикер сонымен қатар Тараз қаласы мен Жамбыл облысында мәресіне жеткен «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауына ерекше тоқталып өтті.
Брифингке  облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.  Брифингі модератор ретінде ОКҚ қызметкері Нұрбек Қасымов жүргізді. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.facebook.com/watchparty/1225100614340934/?entry_source=USER_TIMELINE
 
Тайтөлеу Бегаулов,  PR, SMM маманы
 

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ