Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында  Жамбыл – «Өрлеу» тренерлері Шынар Тойғанбекова мен Салтанат Құрманова Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің қызметкерлеріне оқыту тренингін өткізді.
Іс-шара барысында Президент Жолдауының басым бағыттары мен оларды іске асыру жолдары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев басым бағыттардың бірі ретінде бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беру, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керек екендігін атап көрсеткен болатын.
 
            
 
Аталған мәселелерге байланысты тренинг барысында мынандай сұрақтар қамтылды: суицидтің себептері мен қауіпті факторларын анықтау және  одан қорғану, қауіп факторларының қысқа және ұзақ мерзімді әсері, суицид туралы ойлаудың таралуын бағалау, суицидтік әрекет жағдайларын анықтау, алдын алу, қайта бағыттау  оқиғалары туралы ұсынымдар беру тетіктерін жасау. Сонымен бірге қарастырылып отырған мәселе бойынша қазіргі кезде қолда бар ақпараттық материалдар мен ұсынымдар қаралды, сонымен қатар суицидтің алдын алу Бағдарламасының іске асырылу қорытындысы сарапталды. Филиал қызметкерлері мен психологтары балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекет жағдайларының алдын алуға байланысты жұмыс тиімділігін қарастыра отырып, жағымды нәтижелермен қатар жұмыс барысында бетпе-бет кездескен қиыншылықтар туралы да айтып өтті.

Фарида Кулен, ББПППС кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ