Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҚАЙЫР БАР ЖЕРДЕ ЫРЫС БАР!

 

Қоғамның барлық мүшесін қадірлеу, олардың сіңірген еңбегінің маңыздылығын мойындау және құрметтеу фактісі ретінде, республикамызда енгізілген көптеген мерекелермен қатар адамдардың барлығын  толғандыратын және көбімізге ой салатын аналар күнінің орны ерекше. Аналарымыз өзінің барлық саналы ғұмырын елдің өркендеуі үшін еңбек жасауға, балаларын тәрбиелеуге бағыттаса, олардың ұрпағы осы этафетаны іліп алып, олардың бастаған ісін ары қарай жалғастырушылар болып табылады. 

Аналар күні қарсаңында Тараз қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығының тұрғындары үшін Жамбыл-«Өрлеу» филиалы мен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері қойған театрландырылған қойылым аса бағалы сыйлық болды. «Біздер де жас болғанбыз» әні баяу ойналып тұрды, біздің сүйікті де сүйкімді аталарымыз бен әжелеріміз көрермен ретінде залдан орын алса, балалар да өз қобалжуларын жасыра алмады.

 

 

Осы жерде айта кететін жайт, аға буын ұрпақ әрқашан біздің сүйіспеншілігіміз бен қамқорлығымызға күнделікті мұқтаж екенін естен шығармауымыз керек. Ең бастысы – қарт адамдарға көңіл бөлу. Осы кездесу Орталық тұрғындары үшін де, тәрбиеленушілер үшін де маңызды болды. Үш ұрпақты біріктірген кездесу өз мәресіне жетті. 

Сіздерге денсаулық, жайлылық пен қамқорлық тілейміз! Басымыз жерге тигенше иіліп тағзым етеміз, ұзақ ғұмыр тілейміз, сіздер бізге керексіздер. Себебі Сіздер біздің тарихымыздың, біздің қуаныштарымыз бен жеңістеріміздің тірі куәсісіздер!

 

 

Шынар Тойғанбекова, п.ғ.к., қауым/профессор ББҮППҚ каф.меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ