Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ӨМІР

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған «Волонтерлер жылы» жобасын іске асыру барысында Жамбыл – «Өрлеу» филиалы «Ғажайыпқа толы өмір» жобасын іске асыруды қолға алды.

Филиал қызметкерлерімен кездесу барысында Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Айжан Мейерханова,  қосымша білім беру педагогі, орталықтың театр кружогының жетекшісі Татьяна Гутта қарттар мен балаларды біріктіретін «Ғажайыпқа толы өмір» жобасының негізгі идеясына қызу қолдау көрсетті.

ББҮППҚ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауым.профессор Шынар Тойғанбекова филиалдың қайырымдылық жұмысының бағыттары ретіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығының барлық ардагерлерін және Аналар үйінің балаларын, Балаларды қолдау Орталығының және басқа да балалардың өмір сапасын өз еркімен қолдайтын ұйымдардың барлық қызметі «Ғажайыпқа толы өмір» жобасында жинақталатындығы туралы айтып өтті.

Жобаның ұйымдастыру жұмысымен филиалдың әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма бастығы Гульнара Мурахметова таныстырып өтті, ал кітапханалық жұмыс бойынша бас маман Инна Грицинина волонтерлік қозғалысты ақпараттық қолдау туралы өз ұсыныстарын жасады.

 

 

 

Ыстық жүректі кәсіби мамандар кездескен кезде көптеген идеялар туындайтындығы рас. Осы кездесу барысында да солай болды. Кездесуге қатысушалар жоба барысында атқарылуы тиіс көптеген перспективалы идеяларды ұсынды: Орталыққа қуғын-үргін құрбаны болған педагог Қабылбек Сарымолдаевтың атының берілуі туралы ғибратты оқиға, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығының жетістікке жеткен бітірушілері туралы әңгіме болатын «Жаңа Қазақстанның балалары» бейне-жобасын жалғастыру, Орталық педагогтерінің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық бейне-сабақтар Байқауына қатысуы, Орталық педагогтерін филиал курстарында оқыту және оптимистер ұрпағын тәрбиелеу туралы тренингтер өткізу және тағы басқалар.

Аңдатпа: Жамбыл - «Өрлеу» филиалы мен Балаларды қолдау Орталығы қазан айында дүниежүзілік Аналар күні мен Қарттар күнін  бірлесіп өткізеді.

 

Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББҮППҚ кафедрасының доценті

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ