Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«Жаңаша бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану» тақырыбында әдістемелік қолдау семинары

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ Тараз қаласы № 53 мектепте маусымның 15 күні химия пәні мұғалімдеріне «Жаңаша бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізді.

Семинардың мақсаты: Тараз қаласы педагогикалық қызметкерлеріне білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды енгізу үдерісін басқаруда әдістемелік қолдау көрсету. Семинарға Тараз қаласының химия пәні мұғалімдері мен метептің әдіскері қатысты.

Бүгінгі таңдағы заманауи мектептің білім беру мазмұнын жаңартуда тиімді педагогикалық технологияларды, оның ішінде критериалды бағалау технологияларын қолдану қарастырылды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы бақылау мен бағалаудың тиімді құралы болып табылатын критериалды бағалау туралы әдістемелік материалдар ұсынылды. Педагогтер оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселелерін талқылауға белсене атсалысты. Сонымен қатар мұғалімдер бағалаудың әр алуан түрлерімен, мақсаттарымен, сипаттарымен таныса отырып, тиімді оқытудығы критериалды бағалаудың маңыздылығын түйсінуге мүмкіндік алды. Семинардың соңында мұғалімдерге бағалаудың әр түрін сабақтың әр түрлі кезеңінде қолданылуы практика жүзінде көрсетілген бейнесабақ ұсынылды. Семинар қатысушылары рефлексия барысында ұйымдастырылған әдістемелік іс-шараның мазмұндылығын, өзектілігін атап өтіп, ұсынылған тәжірибе алмасу мүмкіндігіне алғыстарын білдірді.

 «Білім беру процессін психологиялық педагогикалық сүйемелдеу»  кафедрасының аға оқытушысы  Кошкимбаева Ж.С.

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ