Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ



Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі - мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі -жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында Жамбыл-«Өрлеу» және Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» бірлесе «Көптілдік басымдылық бірі ретінде: жағдайы мен болашағы» тақырыбында облыстық онлайн teach-in өткізді.

 

Teach-in мақсаты: ағылшын тілін  кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың тілдік ортада өзге тілді үйренуінің тиімді жолдарын анықтай отырып, облыстағы орта мектептер мен арнаулы және жоғары оқу орындарының педагогтерімен тәжірибе алмасу. Іс-шараға жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін  шебер сынып пен  панорамалық сабақтар арқылы көрсетіп, тәжірибе алмасты. Әлемдік өркениетпен жан-жақты интеграцияға түскен біздің халқымыз үшін ағылшын тілін үйрену игі мұраттардың бірі болмақ. Облыстық онлайн teach-in қорытындысы бойынша ұсыныс қабылданып, қатысушыларға алғыс хат пен сертификаттар тапсырылды.

Эльмира Мирзалиева,

ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы, PhD философия докторы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ