Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНЕ ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК-МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНДІРУ

31.05.19mira

30 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізудің ерекшеліктерін тиімді іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында «Кредиттік-модульдік оқыту - ТжКББ-да оқу процесінде тұтас және жүйелі тәсіл» тақырыбында республикалық вебинар өткіздіВебинарға республиканың бірнеше облыстарының ЖОО, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының бірнеше облыстарының ПҚ БАИ-ның ПОҚ және Актөбе, Павлодар, Атырау, Астана, Шымкент, Өскемен, Жамбыл облыстарының колледж оқытушылары қатысты. Вебинар аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (ТжКББ) кредиттік-модульдік оқыту технологияларының отандық және әлемдік тәжірибесін зерделеу, оқу процесіне модульдік құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген оқытудың кредиттік технологиялары мен білім беру бағдарламаларын енгізу, оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, ТжКББ ұйымдары үшін силлабус жасау, оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында ТжКББ ұйымдары үшін білім алушылардың жетістіктерін критериалдық бағалау бойынша сұрақтар талқыланды. Вебинар соңында республикалық ТжКББ оқытушылар арасында іс-тәжірибе алмасу жүргізілді, сұрақ-жауап тәртібіндегі жұмыс, еркін микрофон, қызметтің әртүрлі формаларын ұйымдастыру, жаңа идеялармен, тәжірибелік жұмыстармен бөлісуге мүмкіндік берілді. Мазмұнды да құнды баяндама жасаған үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, Нұр-Сұлтан қаласының Республикалық физика-математика мектебінің коммерциялық емес дербес ұйымының мұғалімдері, Ақтөбе көліккоммуникация және жаңа технологиялар, Шымкент жоғары педагогикалық, Павлодар политехникалық, Атырау энергетика және құрылыс, Жамбыл инновациялық, Тараз техника және бизнес, Жамбыл жоғарғы политехникалық колледждерінің оқытушылары алғыс хатпен марапатталды.

 

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы, PhD философия докторы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ