Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

KITAPFEST: ЖАСТАР – КІТАП ТОЛҚЫНЫНДА

21.05.19inna

Жастар жылы аясында Жамбыл-«Өрлеу» Институтының кітапханасында «Kitapfest: жастар-кітап толқынында» кітап фестивалі өтті. Kitapfest мақсаты – кітаптың қоғамдық-мағыналық беделін көтеру және жастар мен өскелең ұрпақты кітап оқуға тарту.

Фестиваль жұмысына қонақ ретінде №5 Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары шақырылды, филиал педагогтері мен қызметкерлері қатысты. Кітапхананың бас мамандары кітаптың адам өміріндегі рөлі мен қазіргі кездегі кітап үдерістері туралы айтып өтті. Іс-шара барысында кітапқұмарлар мен олардың оқыған кітаптары туралы жасалған «Әлемнің бар қызығы кітапта» музыкалық таныстырылымы қатысушылар назарын ерекше аударды. Сонымен қатар фестивальға қатысушылар назарына оқушылардың өздері оқыған кітаптарынан құралған «Ең тамаша. Ең қызықты. Ең оқылатын» кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шараға қатысушы 5-10 сынып оқушылары оқыған кітаптардың тақырыбы да әралуан болды: отандық және шетелдік әдебиеттің үздік туындылары – қазақ фольклоры мен тарихи романдары, орыс классикалық поэзиясы, шым-шытырық оқиғалы әдебиет және махаббат лирикасы т.б.

 

21.05.19inna1

 

 

Оқушылар өздерінің оқыған сүйікті кітаптарының таныстырылымын да ерекше аяқтады, олар «әдеби пазлға» өздерінің ұнатқан кітаптарының атауы мен авторын жазып, толтырды. Осылайша, айдың ең үздік кітабының рейтингі анықталды.

Іс-шараның өту барысында кітапқұмарлар өздерінің ұнатқан шығармалары туралы қысқаша айтып өтті, үзінділермен таныстырды және өздерінің өлеңдерін оқып, ән шырқады. Оқыған кітаптарының бірегей таныстырылымы мен ізденгіштігі үшін оқушылар филиал директорының мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ оқушыларды кітап фестиваліне шығармашылықпен дайындаған мектептің кітапханасына арнайы сыйлық табыс етілді.

 

Баян Муртазаева, ОЖМҚБ баспа жұмысы бойынша бас маманы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ