Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«БІЗ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!» 3-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

13.05.19shҚордай ауданыңда Жастар жылына арналған «Біз – Қазақстанның болашағымыз!» атты 3-ші халықаралық форумы өтті. Форум «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Қордай ауданының «Балалар және жасөспірімдер» орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Форумның мақсаты коммуникативтік пікірталас алаңдарын құру, жастар арасындағы көшбасшылардың мәдениетаралық диалогын қалыптастыру, жас көшбасшылар мен жастар ұйымдарын шоғырландыру болды.

Форум жұмысына жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері, шығармашыл жастар, спортшылар, оның ішінде ММА бойынша Әлем, Азия және Қазақстан жеңімпаздары қатысты.

Форумның бірінші күні 9 мамыр жеңіс күніне арналды. Мерекеге арналған флеш-моб орындалып, «Қордай батыр» клубының басшысы К.О.Катчибаев форумды ашты.

Іс-шара барысында Жамбыл - «Өрлеу» ББҮППҚ кафедрасының меңгерушісі Шынар Тойғанбекова мен Өзбекстан Республикасы Құрама командасының бас жаттықтырушысы, спорт шебері, кикбоксингтен Әлем жеңімпазы (Бұхара, Өзбекстан) Шарип Шарипов форумға қатысушыларды құттықтады.

Форум аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларының оқушылары мен студент жастары арасында кәсіби жекпе-жектер бойынша Азия чемпионаты өтті. Екінші күн спрот сайысына арналды. «Біз – Қазақстанның болашағымыз!» халықаралық форумын ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар «Жастар Елбасының бастамаларын әрқашан қолдайды!» деген бірегей сезіммен тарады.

 

Аманкүл Есмырзаева, ББҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ