Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

26.04.19aisha

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жедел жоспарына сәйкес «Шағын жинақты мектеп жағдайында «Lesson study-ді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оқушының білім алудағы қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруді көздейтін Lesson Study тәсілінің тиімділігін отандық педагогтер мойындап отыр. Сондықтан шағын жинақты мектеп жағдайында білім сапасын жақсарту кезінде де мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыта отырып, әркімнің өз оқытуы аясында зерттеушіге айналып, педагогтік тәжірибесіне өзгеріс енгізе отырып оқу мен оқытуды жетілдіруге зор ықпал етеді. Осы орайда, аймақтағы ауылдық және шағын жинақты мектеп ұстаздарының сабақты зерттеу тәжірибесімен бөлісу үшін облыстық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты –мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, оқушылардың оқу үлгерімін арттырудың тиімді жолы ретінде сабақты зерттеу тәсілін ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерін талқылау үшін диалогтік алаң құру, тәжірибе алмасу және мәселені шешу жолдарын қарастыру.

 

26.04.19aisha126.04.19aisha2

 Конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының, "НЗМ" ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренерлері, облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдері,   қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Конференция екі бағытта жұмыс жасады:

- сабақты зерттеу (Lesson study): теория, әдіснама және деректерді талдау және мектептегі сабақты зерттеу (Lesson study) тәжірибелері;

- мектептегі тәжірибені ұйымдастыру, мүмкіндіктер және табысты практика.

Конференция барысында қатысушылар Lesson Study-ді табысты жүргізудің тиімді жолдары туралы идеяларымен бөлісті, сабақты зерттеу тәсілін ұйымдастыру мен жүргізу әдістерін, тәжірибе алмасу және мәселені шешу жолдарын талқылады. Белсенді қатысушыларға дипломдар тапсырылды. Нәтижесіндеконференция материалдарының электронды жинағы дайындалады.

 

26.04.19aisha3

 

Айша Тулекова ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ