Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

МОНТЕССОРИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ КАБИНЕТІНДЕГІ ШЕБЕР-СЫНЫП

16.04.19makpal

Жамбыл-«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының Монтессори технологиясы бойынша зертханалық кабинетінде Тараз қаласы №41 «Айналайын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілеріне арналған «Ойнау арқылы еркін оқыту» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырылды. Шебер-сыныптың негізгі мақсаты - Монтессори әдістемесінің дидактикалық материалдары арқылы мектепке дейінгі жастағы баланың ойын арқылы табиғи ағыммен қалыптасатын дағдыларын дамыту. Аға оқытушы Мадина Садибекова Монтессоридің сенсорлық аймағы бойынша қоңыр баспалдақ пен қызыл мұнара, цилиндрлік блоктары мен түрлі-түсті кестелер секілді материалдарымен жұмыс жасаудың жолдарын көрсетті. Тәрбиешілер сенсорлық аймақта мектепке дейінгі жас балаларының сипап сезу сезімін, дәм сезу, есту, денелердің температурасын ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы жаттықтыратынын тәжірибе жүзінде танысты. Монтессоридің тілдік аймағында Магира Сопбекова кедір-бұдырлы әріптер арқылы баланың назарын жазуға, сызуға, сөздік қорын молайтуға баса назар аударды.Бұл аймақтабаланың тілін дамытуға арналған материалдар арқылы жазуға моторлық дайындығын, фонетикалық есту қабілетін дамыту, жазу мен оқуға үйрету секілді тәжірибелік жұмыстары қарастырылды. Балабақшаның педагог қызметкерлері Монтессори кабинетінің мектепке дейінгі жас балалары үшін өте қажет екендігін атап өтті.

 

16.04.19makpal1

 

Мақпал Исағалиқызы, МДТжТӘ кафедрасының аға оқытушы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ