Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ – «ӨРЛЕУ» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭКОФОРУМДА

01.04.19vetlana

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 28 наурызында Техникалық шығармашылық орталығының базасында өткен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумына Жамбыл-«Өрлеудің» бас маманы Светлана Шевченко қатысты.

Форум Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

«Табиғатты аяла» форум жұмысына Тараз қаласынан жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының 120 білім алушылары қатысты. Қатысушылардың жасы: 14-16 жас аралығын қамтыды.

Форум қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

01.04.19vetlana101.04.19vetlana2

 

Форумның барлық жұмыстары еліміздің жас тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және адамзат алдында тұрған жаһандық проблемаларға қатысты белсенді өмірлік ұстаным, мәдени құндылықтарды сақтап қалу қағидасына сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу сияқты маңызды міндеттерді шешуге бағытталған.                     

Анықтама үшін:

Форум мынадай аталымдар бойынша жүргізілді:

1. «Туған өлкені зерттейміз». Аталымда қатысушалар табиғатты қорғау және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері туралы зерттеу жобаларының байқауы, табиғат нысандары мен аумақтарына зерттеулер және экспедициялар туралы қорытынды есептерін ұсынды.

2.«Жасыл экономика». Аталым қалдықтарды қолдану жүйесін басқару және жетілдіру; су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру; «таза» көлік құралын дамыту; табиғат ресурстарын саналы қолдануға бағытталған жобалар байқауы түрінде жүргізілді.

5. «Жасыл оазистер»   - экодизайнерлер байқауы.

  1. Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері». Жарысқа қатысушылар бағдар картасында белгіленген бағыт бойынша бақылау пункттерін   анықтайды және табады.

 

Назира Абдикеримова, ИДӘҚЕ бас маманы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ