Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«ИНЬ ЖӘНЕ ЯНЬҮЙЛЕСІМДІГІ» ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ ӨТТІ

29.03.19magira

Жамбыл-«Өрлеу» біліктілікті арттыру институты мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен 29 наурыз күні Жамбыл облысы аудандарының және Тараз қаласының білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына курсаралық әдістемелік семинарын өтті.

Семинардың мақсаты - тұлға болмысындағы жарық жақтар мен көлеңкелі тұстардың үйлесімін талқылау арқылы тыңдаушыларға тепе-теңдік психологиясын ұғындыру. Әдістемелік семинар тәжірибелік жұмыстарға, топтық пікірталас: әлемнің дуалистік сипатын бейнелейтін инь және янь ұғымдарын талдау, «Автопортрет» техникасы т.б. толы болды. Сонымен қатар, топтық жұмыс барысында тыңдаушылар тұлға болмысындағы жарық жақтар мен көлеңкелі тұстардың үйлесімін талқылап, ойларын ортаға салуы ерекше қызығушылықпен өтті. Әдістемелік семинардан білім беру ұйымдарының психологтары инь және янь үйлесімдігі жайлы толық ақпарат алып, өз ойларымен бөлісті. Семинар қатысушысы Т.Рысқұлов ауданы Алғабас орта мектебінің психологы Сауле Чонтыбаева өз пікірімен бөлісті: осы семинарға дайындық барысында тұлға болмысындағы жарық жақтар мен көлеңкелі тұстардың үйлесімін қарастыру арқылы тепе-теңдік психологиясына тереңірек үңілдім. Қытай философиясындағы инь мен янь мағынасының жаңа қырларымен таныстым. Қазіргі таңда осындай әдістемелік семинарлар психолог-мамандар үшін маңызды әрі пайдалы. ЖамбылӨрлеу» институтының ұжымына және семинарды ұйымдастырушы мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасына алғыс білдіремін.

 

Мадина Садибекова, МДТБББ кафедрасының аға оқытушы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ