Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ: ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ

06.03.19bibi1

6 наурыз күні Жамбыл-«Өрлеудің» тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Бибі Скакова облыстың тарих пәні мұғалімдеріне «Гендерлік саясат: қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту, гендерлік теңдікті қолдау. Іс-шара барысында оқушыларды  отбасылық өмірге дайындау және тәрбиенің гендерлік аспектілерін  қарастырып, педагогтердің кәсіби  шеберлігін дамытуда жаңа көзқарасты қалыптастыру мәселесіне Т.Рысқұлов ауданының Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің директоры Ақбота Стыбаева тоқталды. «Отбасы және гендерлік саясат» - оқушыларды отбасылық өмірге дайындауда мектеп пен отбасының рөлінің мақсаттары мен мазмұнына М.Горький атындағы орта мектептің директоры Гүлсім Найзабекова ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мейрамбек Акымбеков гендерлік саясатты жүзеге асыру барысындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді айтып, өзекті мәселелерді де атап өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары гендерлік саясатты, қоғамдағы әйел теңдігін қолдаудың құндылығымен мен танымының, мазмұнының жоғары деңгейін атап өтті және іс-шара соңында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Кунсулу Таукебаева, ТТжӘ кафедрасының меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ