Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«БАСТЫ НАЗАРДА – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

28.02.19nish2

28 ақпан күні физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің акт залында облыстық байқау қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты, НЗМ ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының» Тараз филиалы және физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» Тараз филиалы ұйымдастырды. Байқау қашықтық форматта 2019 жылдың 15 қаңтар - 22 ақпан аралығында өтті. Байқауға Жамбыл облысының Сарысу, Т.Рысқұлов, Жуалы, Меркі, Байзақ, Жамбыл аудандары және Тараз қаласы білім беру ұйымдарының психологтары қатысты.

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру, білім беру ұйымдарында оқушы әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқан педагог-психологтардың озық тәжірибелерін тарату мақсатында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша мектеп және балабақша психологтары екі номинация бойынша дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Іс-шараны құттықтау сөзбен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова, «Назарбаев зияткерлік мектебі» Дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз филиалының директоры Есенкүл Қохаева және физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» Тараз филиалының директоры Байназаров Талғат ашты.

Сарысу аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекзада Жумагулова «Оқушыларды қолайлы білім кеңістігінде дамытудың психологиялық аспектілерімен» тақырыбында баяндама жасады.

Номинанттарды марапаттау барысында іс-шараға қатысушыларға мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру педагог-психологтарының тәжірибесінен бейнеүзінді көрсетілді.

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының арасында өткізілген облыстық байқау өзара тәжірибе алмасу алаңы болумен қатар оларға «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты биылғы жылы екінші рет өткізгелі отырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық Байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға мүмкіндік берді.

 

ҚБжББ, Жамбыл-«Өрлеу»

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ