Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ

19.02.19dina

1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарыла басталды. Ауған соғысы тарлан тарихтың қойнауына сүңгіді, бірақ шайқаста қаза тапқан біздің жауынгерлеріміздің есімі мәңгілік есте сақталуы керек. Бұл жан ауруы мен өкініш. Бұл күн Ауғанстанда соғысқандар үшін ғана емес, жақын және алыс шет елдердегі әскери қақтығыстарға қатысқан барлық интернационалист-жауынгерлерді де еске алу күніне айналды. Жыл сайын осы атаулы күні осы соғысты басынан кешкендер жиналады. Т.Рысқұлов ауданының Құлан мектеп-гимназиясының базасында осы оқиғаның 30 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты – әскермен байланысты оқиғаларға құрметпен қарау арқылы патриотизмге тәрбиелеу, ауған жауынгерлері мен жергілікті соғыстарға қатысушылардың шығармашылығымен танысу, төзімділік пен адамгершілікті қалыптастыру. Салтанатты шараға шақырылған қонақтар - Ауған соғысының ардагерлері Мырзахметов Жақан, Мақұлбеков Самат және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары полковник Балғибеков Қайрат, сондай-ақ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ-ның ұйымдастыруымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсында оқитын ағылшын тілі пән мұғалімдері қатысты. Барлық қатысушылар сол соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, жауынгер-интернационалистердің отбасыларына құрмет көрсетті. Ардагерлермен әңгімелесу барысында жастар әскерилердің өмірінен көптеген қызықты және танымды мәлімет алды. Кездесу соңында оқушылар өз елінің нағыз патриоттары, Қазақстанның болашағы үшін жауапты болуға және оны сырттан келген қол сұғушылардан қорғауға уәде берді. Іс-шараны дайындауға Құлан мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Асылов Тоқтасын үлкен үлес қосты.

 

Дина Сейданова,  Жамбыл-«Өрлеу»  тренері

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ