Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР: МЕКТЕПТЕ LESSON STUDY ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

18.02.19cagadat

Жамбыл-«Өрлеу» филиалының инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы Сағадат Карымбаева Тараз қаласындағы №44 орта мектебінің педагогтері үшін «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study-ді қолдану тәсілдері» тақырыбындағы қысқа мерзімді әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты - мұғалімдердің Lesson study тәсілін жоспарлау, қолдану іскерліктерін және сабақты зерттеу дағдыларын дамыту, мектеп мұғалімдері арасында кәсіби ынтымақтастық қалыптастыру. Семинар барысында тренер Lesson study-дің теориялық негіздемесіне сүйене отырып ашық сабақтан ерекшелігін, оны жоспарлау мен өткізудің кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Семинардың тәжірибелік бөлімінде Lesson study топтары құрылды, зерттеу тақырыптары айқындалып, «бақылаудағы» оқушыларды анықтау тәсілдері талданды. Бұл Lesson study-дің алғашқы қадамдары болып саналады. Тренер топтар арасында педагогикалық мәдениетті орнату, кәсіби ашықтық, зерттеушілік іскерліктері сияқты мәселелерді қалыптастыру және дамыту мақсатымен іскерлік ойындар өткізді. Жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеу топтарына мектеп тренері мен психологке коучинг өткізу, пән мұғалімдеріне «бақылаудағы» оқушыларды анықтау, сабақты бірлесіп жоспарлау және өткізу, бақылау, рефлексия жасау тапсырмалары берілді. Семинар алдағы аптада жалғасады.

 

Айша Тулекова, ИТжҒЖ(Г)ПО кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ