Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«БІЗ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!» 2-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

05.02.19bayan

1 мен 3 ақпан аралығында Бокс Залы сарайында Жастар жылына арналған «Біз – Қазақстанның болашағымыз!» 2-ші халықаралық форумы өтті. Форум Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт Басқармасы, ҚазММА және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен өтті.

Форумның мақсаты коммуникативтік пікірталас алаңдарын құру, жастар арасындағы көшбасшылардың мәдениетаралық диалогын қалыптастыру, жас көшбасшылар мен жастар ұйымдарын шоғырландыру болды.  

Форум жұмысына жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері, шығармашыл жастар, спортшылар, оның ішінде ММА бойынша Әлем, Азия және Қазақстан жеңімпаздары қатысты.

Форумды құттықтау сөзбен Жамбыл облысы ММА бойынша бас жаттықтырушысы С.Е.Тилекеев ашты. Сондай-ақ форумға ММА бойынша бас төреші И.Гончаров, Жамбыл облысы бойынша ММА менеджері Д.Галанцев, «Қордай батыр» клубының басшысы К.О.Катчибаев, Әлем жеңімпазы, армреслинг бойынша 7 мәрте Қазақстан жеңімпазы, Жамбыл облысының құрметті жаттықтырушысы Д.Трубин, ММА бойынша Әлем жеңімпаздары - Е.Тлауов пен Е.Егембердиев қатысты.  

Іс-шара барысында Жамбыл-«Өрлеу» ИТжЖҒ(Г)ПОӘ кафедрасының меңгерушісі Шынар Тойғанбекова мен Өзбекстан Республикасы Құрама командасының бас жаттықтырушысы, спорт шебері, кикбоксингтен Әлем жеңімпазы (Бұхара, Өзбекстан) Шарип Шарипов форумға қатысушыларды құттықтады.

Форумда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларының оқушылары мен студент жастары арасында кәсіби жекпе-жектер мен сайыстар өткізілді. «Біз – Қазақстанның болашағымыз!» халықаралық форумын ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар Тараздан «Жастар Елбасының бастамаларын әруақытта қолдайды!» деген бірегей сезіммен тарады.

 

ҚБжББ

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ