Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Декабрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ҮРДІСІНДЕ

24.09.18mahabbat

21 қыркүйекте қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты «Өрлеу» БАҰО АҚ кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жамбыл және Түркістан облыстары бойынша ПҚ БАИ бірлескен түрде дөңгелек үстел өткізді.«Латын әліпбиі – мектепалды даярлық үрдісінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Айсәуле Аманбаева, ТИГУ «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, профессор Қасиет Малғаждаров, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Көпбаева, «Eurasian Grand Store» ЖШС директоры Алтынай Туребаева және «Жамбыл-Өрлеу» филиалының қызметкерлері Махаббат Оспанбаева, Айгул Абилова, Мадина Садибекова, Бахыткул Махадиева, Лейла Сейдазимова, Гулхан Аманова қатысты.

Дөңгелек үстөл барысында «Латын қарпіне көшу қазақ тілін дамыту мен оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару тетігі ретінде», «Латын әліпбиін мектепалды даярлық сыныбының оқу үрдісіне ендіру жолдары», «Бала тілінің артикуляциялық аппаратын қалыптастыру үрдісіндегі латын әліпбиінің рөлі», «Латын әліпбиін оқыту әдістемесі бойынша мектепалды даярлық педагогтерінің біліктілігін арттыру» сұрақтары талқыланды. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, «Әліппені» латын әліпбиімен оқыту үрдісінде Зайцев-Жүнісов текшелерін және «Кюйзенер таяқшаларын» пайдалану әдістемелерінің таныстырылымдары жасалды. Пікірталасқа белсенді қатысып, тың ұсыныс-пікір білдірген қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Республика аймақтарынан келіп түскен ғылыми-әдістемелік еңбектердің ішінен 50-ге жуық мақала іріктеліп, электронды жинаққа ендірілді.

Скачать/Просмотреть Сборник

 

 

Курмашева Несіпкүл, МДТжББ кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ