springer

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Декабрь 2018 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

КОНТАКТЫ

• Адрес: Жамбылская область, г.Тараз, п-кт Толе би 69А  

• Телефон: 8(7262)-54-61-81

• E-mail: ins_pk@mail.ru

«ӨРЛЕУ» - ТАРАЗ - «ТАРГУLIFE»-та ҚОНАҚТА

03.03.18-elena

«Өрлеу» - Тараздың қоғаммен байланыс және баспа бөлімі М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Студенттік телестудиясында инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Светлана Шевченконың саұхбатын ұйымдастырды.

 «ТарГУLIFE қонақтары» бағдарламасының жазбасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отырған «Жастардың білім беруге көзқарасы» байқауына журналист-студенттер дайындап жатқан бейнероликтің негізі болады.

Бағдарлама жүргізушісі Гульдана Еркебаева өз сұхбатын «нөлінші» сыныпта 5 жастан бастап оқитын балаларға берілетін артықшылықтар туралы ең өзекті мәселеден бастады. Бес жасар балалардың мүмкіндіктерін көрсету үшін филиал қызметкерлері қатысып, куә болған «Үздік дауыстап оқушы» байқауынан үзінді көрсетілді. Одан шығатын қорытынды және ең басты артықшылық – балалардың қызығушылықпен білім алуында.

Сонымен қатар «нөлінші» сыныпта балаларды кім оқытады деген мәселе де өзекті болды және оған берілген жауаптың маңыздылығы да одан кем түскен жоқ: «ия, «мектепалды» педагогтары креативті, эмоционалды, кәсіби құзыретті, мысалы, осы жақын арада ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «КТК» қатысқан Тараз қаласының балалар бақшаларының тәрбиешілері секілді болуы керек».

«Өрлеу» - Тараз қызметкерлері мен ТарМУ студенттері қарастырылып отырған мәселе төңірегінде материалдарды меңгерген, сондықтан жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту қай кезеңнен басталады деген сұраққа мынандай жауап берілді: «Білім туралы» Заңға сәйкес, мектепалды даярлық елімізде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап енгізілуі тиіс болатын. Дегенмен, жақын арада білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепалды балалары үшін дайындалатын оқулықтардың латын қарпіндегі нұсқасының дайын еместігіне байланысты, бұл мәселенің 2020 жылға созылғанын айтты».

Енді «мектепалды» туралы ТарМУ студенттері жан-жақты мәлімет алды және оны кең түрде пайдаланады: біз өз әріптестерімізге Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған байқауда жеңіс тілейміз!

 

Баян Муртазаева,

ҚБжББ бас маманы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
 DSC3789 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ

 

ВИДЕО "ӨРЛЕУ"-ТАРАЗ