Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Октябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«Үздік басшы – жарқын болашақтың кепілі»

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 «Үздік басшы – жарқын болашақтың кепілі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

Байқаумектепке дейінгі білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларының қазіргі даму үрдістеріне сәйкес басқару тиімділігінде кәсіби дағдыларын анықтау мақсатында «Тиімді  басқару – мектепке дейінгі білім берудің сапалы кепілі» ұранымен өткізіледі.

Байқауды ұйымдастырушы - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруинституты.

Конкурсқа қатысушылар белгіленген ереже бойынша қатысуға өтініші мен Байқауға қажетті құжаттарын өткізуге болады.

2. Байқау мақсаты мен міндеттері

Байқау міндеттері:

  • ең табысты мектепке дейінгі  ұйым басшыларын анықтау; 
  • мектепке дейінгі білім беру аймағын басқаруда жаңа білім беру технологияларын,  жаңа әдістерді анықтау;
  • мектепке дейінгі ұйым басшысының жүйені дамытуда қосқан жеке үлесін қоғам алдында мойындау.

3. Байқауға қатысу шарттары

Байқауға қатысуға мектепке дейінгі ұйым басшылары (меңгерушілері), өзі басқарып отырған мектепке дейінгі ұйымда соңғы үш жылда маңызды нәтижелерді бере білген, басшы ретінде еңбек өтілі 5 жылға толған, сонымен қатар басқарып отырған мекемеде 2 жыл жұмыс атқарған меңгерушілер қатыса алады.

Байқауға қатысуға өтініш беруші келесі материалдарды Ұйымдастыру комитетіне жолдауы қажет:

- байқауға қатысу парағын (қосымша 1);

- есімхатын (қосымша 2).

4.Байқау мазмұны

Байқау II кезеңде жүргізіледі. I кезең – сырттай,  II кезең – бетпе-бет.

Бірінші кезеңге Байқау қатысушылары төмендегідей бағыттағы материалдарды жіберуі қажет:

  1. Заманауи жағдайдағы мектепке дейінгі ұйым басшысының басқару қызметі:

-          мектепке дейінгі ұйымда  басқару қызметі жоспарлау кезеңі ретінде;

-          мектепке дейінгі ұйымда  әдістемелік жұмыс басқару қызметінде;

-          балабақшаішілік бақылау мектепке дейінгі ұйымда басқару қызметінің бірі ретінде.

  1. Мектепке дейінгі ұйымда  инновациялық үдерісті басқару жүйесі:

-          мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде ҚР МЖБС талаптарын ескере отырып, заманауи білімділік технологияларын қолдану;

-          мектепке дейінгі білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында  жаңа мазмұнды білім беруді іске асыруда  табысты баланың тұлғасын насихаттау.

  1. Мектепке дейінгі ұйымда педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру жүйесі:

-          МДҰ-да жұмыс формаларын өзгерту, жаңа технологияны ендіру, педагогтердің жұмыс  тиімділігін жағдайға қарап құру;

-          кадрларды мониторингпен қамтамасыз етуі;

-          кадрлардың біліктілігін арттыруда вариативті жүйені жасау;

-          МДҰ педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша әдістемелік кабинетте жағдай құру;

-          МДҰ-да барлық педагогтар үшін қол жетімді инновациялық білім беру технологияларының әдістемелік блогын құру.

  1. Заттық-дамыту ортаны құру мектепке дейінгі білім берудің сапалы дамуы ретінде:

-          Заттық-дамытушы ортаның мазмұны мен талдауы мектепке дейінгі баланы жеке және тұтастай дамытуда тиімді қолдау ретінде;

-          мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде заттық-дамытушы орта арқылы жаңа технологияның мазмұны мен талдауын меңгеру және оны ендіру;

-          презентация: «МДҰ жасерекшелік топтарындағы заттық-дамытушы орта»

Барлық жұмыстар бекітілген өлшемдер бойынша бағаланады.

Екінші кезең өз қорғаған жұмыстары бойынша бетпе-бет өтіледі. Регламент 5-7 мин. Өз жұмыстарын қорғауда сенімділік, көзді жеткізе білу, толықтылығы мен айқындылығы ескеріледі.

5. Байқау материалдарына қойылатын талаптар

5.1. Мазмұны бойынша байқау материалдарына қойылатын талап:

- ұсынылған материалдар бүтін бір мәтін түрінде (эссе) баяндалуы тиіс;

- ұсынылған материалдар қысқаша, түсінікті түрде, процестер, идеялар, ұсыныстар, тәжірибелердің мәні көрсетілуі тиіс;

- ұсынылған материалда мекеменің соңғы үш жыл көлеміндегі басты жетістіктері тұжырымдалуы тиіс;

- бастапқы бетте мекеменің толық атауы қамтылуы тиіс– сұраныс берушінің, байқау материалының, қатысушының аты-жөні, әкесінің аты мен әрбір бағыт.

Байқау материалдарында келесі сұрақтарға жауаптар берілуі тиіс:

  1. неге осы жетістік сіз басқаратын балабақша үшін маңызды болып табылады?
  2. Осы нәтиже жеке сіздің өзіңізге және сіз басқаратын мекемеге, сондай-ақ  білім беру процесіне қатысушылардың бәріне не берді?
  3. Мекемедегі және  басқару қызметіндегі қандай проблемалар жетістікке жетуге кедергі келтіреді?
  4. Қандай басқарушылық шешімдер жетістікке жетуге мүмкіндік берді?
  5. Қандай ресурстар (материалдық, кадрлық, т.б.) арқылы мұны жасау мүмкін болды?
  6. Осы нәтиже білім беру процесіне қатысушылар, әріптес-басшылар, жоғары тұрған басшылық тарапынан танылды ма?

6. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

Қатысуға тапсырыс беру мен байқау материалдарын ұсыну мерзімі- 2017 жылдың 21 сәуіріне дейін «Үздік басшы – жарқын болашақтың кепілі» белгісімен электрондық мекен-жайға Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  жіберілуі тиіс.

Бірінші кезең– ұсынылған материалдарды бағалау (2017 жылдың 22 сәуірінен 3 мамырына дейін)

Екінші кезең 2017 жылдың 10 мамырында өтеді.

Қорытындылау мерзімі 2017 жылдың 17 мамыры.

Ұсынылған құжаттарда қандай-да бір критерийлер бойынша ақпараттар болмаған жағдайда осы критерий бойынша ұпай қойылмайды.

7. Байқау материалдарын безендіруге қойылатын талаптар

Байқау материалдары «Өрлеу» АҚФ ПҚ БАИ Тараз қаласы, Төле би көшесі 69А («Үздік басшы – жарқын болашақтың кепілі» белгісімен А4 қағазында және электронды түрде Word, Times New Roman шрифтісінде,  № 14 кегльде, 1 интервалмен ) Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекен-жайына ұсынылады.

8. Байқау материалдарының көлемі бойынша талаптар:

- мәтіндік материалдар (барлық бағыттар бойынша) 10 беттен аспауы тиіс. Сурет, бейнематериалдар, электрондық презентациялар қосымшаларда орналастырылуы мүмкін. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Белгіленген мерзімнен кешіктірілген немесе көлемі толық емес, талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ күмәнді мәліметтері бар материалдар қаралмайды.

9. Байқау материалдарын бағалау критерийлері

- байқауға ұсынылған басқарушылық тәжірибенің өзектілігі мен мәнділігі (ең алдымен өз мекемесі үшін);

- басқарушылық қызметінің проблемасын негіздеудің деңгейі, сапасы мен ауқымдылығы;

- проблеманы ашып көрсетуде басшының аналитикалық сауаттылық деңгейі;

- мектепке дейінгі ұйым қызметіне болжам жасау мен нәтижесі деңгейі;

-Байқауға ұсынылған тәжірибеге енгізілген идеялардың бірегейлігі, жаңашылдығы;

- материал мазмұнының қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі: байқау материалдарының жүйелілігі, мазмұндау логикасы, бірегейлігі мен мазмұндау стилі, көз жетімділігі, толықтығы мен қанықтығы, бірізділігі және аяқталғандығы;

- байқау материалын құрастыру мәдениеті мен безендірілуі: байқау материалдарына қойылатын талаптардың сақталуы, сауаттылық, эстетика.

Барлық жұмыстар тексеріледі және бекітілген критерийлерге сәйкес бағалау ұпайлары қойылады.

-  Байқауға ұсынылған материалдардың өлшемдері іріктеу негізінде бағаланады;

- Әрбір байқауға қатысушының бағалау парағы толтырылады (қосымша 3) және сараптамалық қорытынды жасалынады:

 - Байқауға қатысушылардың жалпы рейтингтері  қалыптастырылады  және бағалау негізінде анықтайтын орташа балл анықталады.

11. Қатысушыларды марапаттау тәртібі және байқау қорытындысы :

Байқау ұйымдастыру комитетін қарауымен және бекітуімен, сарапшылардың қатысуымен рәсімделеді. Байқау материалдарына сараптамалық қорытынды жасалғаннан соң Бағалау нәтижелері шығарылады. Бағалау нәтижелері сараптамалық түрде қорытындыланады және

Байқаудың қорытындысы бойынша  бас жүлде жеңімпазы және үш лауреат, олар I, II, III деңгеймен және бағалы сыйлықтармен, басқа қатысушылар «қатысушы» деген дипломмен марапатталады.

Байқауға қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасының ұсынымы бойынша жинақта жарияланады.

Қосымша 1

Қосымша байқау туралы

Облыстық байқауға қатысушылардың өтініштері

Тіркеу номері _________

Өтініш тіркелген күн _________

Қатысушының аты-жөні

 

Мектепке дейігі ұйымның толық атауы  оның жарғысында сәйкес болуы керек.

 

Осы мектепке дейігі ұйым басшысының лауазымы бойынша  жұмыс өтілі

 

Барлық педагогикалық жұмыс өтілі

 

Біліктілік санаты

 

Қатысушы жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымның заңды мекенжайы,

 

Байланыстелефоны

 

Факс

 

Электрондық пошта мекен-жайы

 

Қосымша 2

Байқау туралы қосымша

ЕСІМХАТ

1.Аты-жөні_____________________

2.Жұмыс орны: (Ұйымның толық атауы)  _____________________

3.Байланыстелефоны(елді мекеннің коды):_____________

Факс:_______________

4.E-mail_____________

5. Білімі:______________________

(жоғары, арнайы орта)

6.  Оқу орнының атауы:__________________

-оқу орнын аяқтаған күні: __________________

-диплом бойынша мамандығы және біліктілігі:____________

7. Лауазымы:__________________________

8.Осы ұйымдағы басшылық лауазымындағы жұмыс өтілі ____________

9.Жалпы педагогикалық еңбек өтілі:_______________

10.Осы ұйымдағы еңбек өтілі_______________

11.Біліктілік санаты:_____________

12.Берілген күні:_________________________________

13.Біліктілігін арттырғандығы жайлы мерзімі және формасы: ___________

14.МДҰ-дағы білім беру бағдарламалары:__________________

16. Мақтау мен марапаттар: ______________

17.Менің педагогикалық ұстанымым:_______________

Аты-жөні,тегі ____________(қолы)

Қосымша 3

Байқау туралы қосымша

Облыстық байқау  материалдарын Байқаудың әрбір  бағыты бойынша бағалау парақтары 

Автордың аты-жөні, тегі______________________

Критериалды бағалау

Max.

балл

Сараптама бағасы

-Байқауға ұсынылған басқару тәжірибесінің, өзектілігі мен маңыздылығы, (өзінің мектепке дейінгі ұйымы бойынша)

   

-Өзінің басқарушылық қызмет деңгейін, сапасы мен тереңдігіннегіздеу мәселелері

   

-Басқару қызметіндегі мәселелерді шешуде басқарушының сауаттылық деңгейін талдау

   

- Басқарушылық тәжірибедегі қаражат мәселесін шешу жолдары

   

- МДҰ-ның басқарушылық қызметінің қорытындысы және деңгейін болжауы

   

-Ерекшелігі, идеялардың жаңалығы, тәжірибесі

   

- Мақсатқа және міндетке  қойылған материалдың мазмұнын сәйкестендіру: жүйелілік, логикалық баяндау, ерекешелігі және баяндау стилі, сенімділік, толықтығы мен анықтылығы болуы қажет

   

-Байқауға бәсекеге қабілетті материалдар дайындау: конкурстық материалдарда мәдениеттілік, сауаттылық  талаптарды сақтауы

   

Қорытынды:

   

Жалпы балл

   
 
 
 

Оставить комментарий

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ