Пожаловаться на комментарий

Құрметті Салтанат Надирбековна!
Біз сізді ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін педагог ретінде білеміз. Жинақталған білім тәжірибеңіз бізге үлкен көмек болып табылды.
Сіздің сабақтарыңыз, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып,тындаушылардың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткіздіңіз. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан тындаушылардың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Сіз оқытқан тындаушылар қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Салтанат Надирбековна еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.