Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Сентябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы – Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстағы білім және ғылым орталықтарының бірі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына белсенді ат салысады. Институт Ұлы Жібек жолындағы 2000 жылдық тарихы бар  көне Тараз қаласының  орталығында орналасқан.

«Өрлеу»-Тараз миссиясы – өңірде, сондай-ақ елімізде сұранысқа ие жаңа формациядағы педагогтардың біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындауда үздіксіз және жүйелі жұмыс жүргізу. Институт мемлекеттің білім саласындағы стратегиялық міндеттеріне сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуды көздейді. Осы миссия институттың рухани, эстетикалық және ғылыми құндылықтарға негізделген жұмыс тәжірибесінің және корпоративтік мәдениетінің негізінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, институт қызметінің мақсаты білім берудің ұлттық моделін жаңарту жағдайында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады. Институт мақсатының негізінде оның келесі міндеттері анықталған:

- ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес институттың құрылымы мен қызметінің мазмұнын жетілдіру;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша консультациялық қолдау көрсету;

- педагогтардың біліктілігін арттырудың тұлғалық бағытталған моделінің негізінде инновациялық практиканы қалыптастыру;

- аймақтың педагогикалық қызметкерлерімен ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

- заманауи білім беру технологияларын енгізу және бейімдеу үшін жағдайлар жасау;

- педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың халықаралық және отандық үздік тәжірибелерін зерттеу және енгізу.

Институттың қызметтері:

- білім беруді дамытудың мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын орындауға қатысу;

- білім беру жүйесі басшыларының (мектеп директорлары мен басқа да басшыларының) кәсіби шеберлігін заманауи менеджмент бағдарламалары бойынша арттыру;

- өңірлік, республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

- ғылыми-әдістемелік, оқу және ақпараттық материалдарды басып шығару.

«Өрлеу» -Тараз  институтының ғылыми-педагогикалық тәжрибесі мол профессорлары мен оқытушылары республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесін жаңартуға тікелей қатысады. Педагогикалық қызметкерлерді дайындаудың сапасын жақсарту мақсатында оқу үдерісінде оқытудың интерактивті әдістері, авторлық педагогикалық технологиялар, модульдік және дамытушы оқыту технологияларын қолданады.

Институт өңірдегі және республикадағы жаңашыл мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибелерін жинақтауды және таратуды мақсатты және жоспарлы түрде жүргізеді.  Олар Жамбыл БЖИ www.orleu-taraz.kz сайтында жарияланады, cонымен қатар мерзімділік басылымдардa, республикалық педагогикалық «Білім.kz» журналында (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, 19.01.2012 ж.№12926-Ж тіркеу куәлігі берілді) және ай сайынғы аудандық-педагогикалық «Заманауи ұстаз» газетінде (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, 30.01.2013ж№13319 тіркеу куәлігі берілді) құрылтайшысы «Өрлеу»-Тараз болып табылады.

Институттың кітапхана қоры дәстүрлі кітаптармен қатар электронды ақпарат көздерінен де қалыптастырылған. Қордың инвентарлық және жиынтықтық есептік құжаттары жасалуда. Қазіргі таңда кітаптарды жүйелі топтастыруды және кітапханаға келушілерге анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін «КАБИС» автоматтандырылған заманауи ақпараттық-кітапханалық жүйесі енгізілген. «Кітаптар», «Мақалалар» электрондық каталогтары жасалуда. Кітапхана қорын пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатымен оларды келісім-шарт негізінде Республикалық жоғары оқу орындарының электрондық кітапханасының қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.Аталған электрондық кітапхана Қазақстанның 58 жоғары оқу орнының электрондық кітапханаларын еркін пайдалану мүмкіндігін береді, оларда оқулықтардың, оқу құралдарының, ғылыми, әдістемелік материалдардың және профессорлар мен оқытушылардың жарияланған мақалаларының толық мәтіндері ұсынылған.

Біліктілікті арттыру институты оқытудың ең заманауи интерактивтік құралдарымен жабдықталған (Intel(R)Core(TM)i3-21304,00GbОЗУ компьютерлері, EasyNoteTK85-384G50 ноутбуктері, SONYVPL-EX245 проекторлары, Magicolor4750EN түрлі түсті принтерлері, BenQ GL955 мониторлары және т.б.). Осы құралдар оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға, слайд-шоулар, конференциялар және басқа да шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Институттың барлық бөлімшелері баспа материалдарын көбейту техникаларымен жабдықталған.

Білім беру жүйесін жаңартудың маңызды шарты біліктілікті арттырудың халықаралық ұйымдары ұсынатын ресурстарына қол жеткізуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Осыған байланысты, «Өрлеу»-Тараз орта мектептер мұғалімдерінің біліктілігін 3 деңгейлі бағдарлама бойынша тиімді арттыру мақсатымен шетелдік мамандарды тарту жұмысы басталып, табысты жүргізілуде.

Заманауи педагогтың басты міндеті «ой еңбегінің еңбеккерін» тәрбиелеу. «Өрлеу»-Тараз облыс мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын уақыт талабына, Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясында және «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» атты мақаласында қойған міндеттерге сәйкес белсенді жүргізуде.

 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ