Печать

 

 

Майрыкова Дина Махатовна – бас есепші

Электрондық мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: 87750002689

Жұмыс телефоны: 87262543138

 

 

 

Қаржы бөлімінің негізгі мақсаты- филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне сенімді бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есеп жүргізу және ұйымдастыру.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- филиалдың қаржылық қызметі туралы толық және сенімді ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну;

- ұйымның қаржылық қорларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану;

-  бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар бойынша жиынтық есептерді құрастыру;

- мүлікті, міндеттемелерді, негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды,

материалдық емес активтерді, қолма-қол ақшаны уақытында көрсету және есеп жүргізу;

- мүкәммалдарды жүргізу тәртібін, бухгалтерлік жазбалардан кемшіліктерді, дебиторлық

берешекті және өзге шығындарды есептен шығарудың заңдылығын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес еңбекақы есептеуді, салықтарды, міндетті төлемдерді дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз ету;

- қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету.

Бөлімнің негізгі қызметтері:

- ұйымда ашық және сенімді есеп жүргізуді ұйымдастыру;

- филиалдың қаражатын мақсатты және жоспарлы шығындалуын бақылау;

- филиалдың жыл сайынғы шығындарын қаржыландыруға өтінімін дайындау және қорғау;

- ағымдағы кезеңде қаржыландыру жоспарын іске асыруды талдау және ақша шығындарын болжау;

- филиалдағы жалақыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есепке алу;

- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес шығындарды мемлекеттік порталда мемлекеттік сатып алу арқылы ғана жүзеге асыру;

- кіріс құжаттамасын нақты және жоғары сапалы өңдеуді ұйымдастыру және кіріс деректерді бухгалтерлік есепте сенімді түрде көрсету;

-       бухгалтерлік қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында арнайы курстарда үздіксіз біліктілігін арттыру, мамандандырылған семинарларға қатысу және т.б. арнайы әдебиеттерді үнемі алу және талдау.