Байланыс
Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А
Телефон: 8(7262)-54-61-81
E-mail: ins_pk@mail.ru
ҚАРЖЫ БӨЛІМІ
- Подробности
- Просмотров: 6051
Майрыкова Дина Махатовна – бас есепші
Электрондық мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байланыс телефоны: 87750002689
Жұмыс телефоны: 87262543138
Қаржы бөлімінің негізгі мақсаты- филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне сенімді бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есеп жүргізу және ұйымдастыру.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- филиалдың қаржылық қызметі туралы толық және сенімді ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну;
- ұйымның қаржылық қорларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану;
- бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар бойынша жиынтық есептерді құрастыру;
- мүлікті, міндеттемелерді, негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды,
материалдық емес активтерді, қолма-қол ақшаны уақытында көрсету және есеп жүргізу;
- мүкәммалдарды жүргізу тәртібін, бухгалтерлік жазбалардан кемшіліктерді, дебиторлық
берешекті және өзге шығындарды есептен шығарудың заңдылығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес еңбекақы есептеуді, салықтарды, міндетті төлемдерді дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз ету;
- қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету.
Бөлімнің негізгі қызметтері:
- ұйымда ашық және сенімді есеп жүргізуді ұйымдастыру;
- филиалдың қаражатын мақсатты және жоспарлы шығындалуын бақылау;
- филиалдың жыл сайынғы шығындарын қаржыландыруға өтінімін дайындау және қорғау;
- ағымдағы кезеңде қаржыландыру жоспарын іске асыруды талдау және ақша шығындарын болжау;
- филиалдағы жалақыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есепке алу;
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес шығындарды мемлекеттік порталда мемлекеттік сатып алу арқылы ғана жүзеге асыру;
- кіріс құжаттамасын нақты және жоғары сапалы өңдеуді ұйымдастыру және кіріс деректерді бухгалтерлік есепте сенімді түрде көрсету;
- бухгалтерлік қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында арнайы курстарда үздіксіз біліктілігін арттыру, мамандандырылған семинарларға қатысу және т.б. арнайы әдебиеттерді үнемі алу және талдау.