Печать

 

 

 Ибраимова Гульжан Амангельдиевна

 бөлім бастығы

Электронды мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: 87078868076

 

 

 

 

Мониторинг және талдау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Білім беру мәселесі бойынша Президент Жарлығы мен ҚР Үкіметінің қаулысына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, БАҰО «Өрлеу» АҚ Жарғысына, Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Жарғысына, бөлімнің Ережесіне сәйкес іске асырады.

Бөлім қызметінің мақсаты:

2017 жылы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметінің техникалық ерекшелігіне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының басшысының бұйрығымен бекітілген біліктілікті арттыру жүйесіндегі мониторингтік зерттеулерді жүргізуде бірыңғай Талаптар аясында облыстың білім беру ұйымдарының басшыларына және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру сапасына мониторингтік зерттеулер жүргізу.

Бөлімнің негізгі қызметтері:

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2012-2020 жылдарға арналған Стратегиялық дамудың негізгі бағыттарына сәйкес Жамбыл облысы педагогтарына жаңарған бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырудың сапасын және басқа да білім беру қызметтерін оқып үйрену;

- филиалдың қызметін бақылап отыруға мүмкіншілік беретін «Өрлеу»БАҰО» АҚ бірыңғай нормативтік документтері негізінде курстан кейінгі кезеңде мониторингтік зерттеулерді жүргізуді регламенттейтін білім беру курстарында курстық дайындықтан өткен педагогтардың кәсіби өсу динамикасын талдау;

- филиал басшыларына мектеп, аудан, облыс бойынша мониторингтік зерттеулер қорытындысын ұсыну және талдау, тарату;

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ мониторинг және талдау бөліміне республика бойынша жалпы талдау жасауға және қорытындыларды аналитикалық өндеуге есептерді ұсыну.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

- 2017 жылғы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының сапасын мониторингтік зерттеу: мектепке дейінгі білім беру ұйымдары; орта және қосымша білім беру ұйымдары (соның ішінде, білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы курстар);

- «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері мұғалімдеріне арналған «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік жәнекоммуникативті-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курстарының сапасын мониторингтік зерттеу;

- 2017 жылғы «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының сапасын мониторингтік зерттеу;

- 2016 жылы біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтардың орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын оқу үдерісінде тәжірибеде қолдану жағдайын көрсететін әлеуметтік зерттеу жүргізу;

- 2016 жылы деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің тиімді қызметін бағалауды курстан кейінгі мониторингсі;-

- 2016 жылы курстан өткен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының сапасын мониторингтік зерттеу (кері байланыс);

- 2016 жылы курстан өткен орта және қосымша білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының сапасын мониторингтік зерттеу (кері байланыс);

- 2016 жылы білім беру мазмұнын жаңарту аясында өткен қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының сапасын мониторингтік зерттеу (кері байланыс).